03.12.2021
  310


Автор: Ғибратты әңгімелер

Несібем өзі келеді

Бір кісі Ахмад ибн Ханбалға:


– Жұмыс істемей, үйінде немесе мешітте отырып алатын, «Несібем өзі келеді» дейтін адам жайлы не дейсіз? – деп сұрайды. Сонда Ахмад:


– Бұл – білімсіз надан адам. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Алла Тағала ризығымды найзамның көлеңкесінің астында қылды» деген сөзін естімеді ме екен? Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құстар туралы айтқанда «Таңертең аш кетіп, кешке тойып оралады» деген сөзін де естімеді ме? Таңертең кетуі олардың ризық іздеп кететіндігін көрсетеді. Пайғамбардың сахабалары да теңіз бен құрлықта сауда жасайтын, құрмалықтарында жұмыс істейтін еді. Үлгі болатын сол кісілер, – деп жауап береді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу