Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  180


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Сәли аға

Қуанар шақ бұйырады екен бізге де,
Сар уайымдай тұра берер күз неге?!
Ақын аға, ақылыңнан от алып,
Еріксізден ери берді мұз дене.

О, жалған-ай, қыршын талды жайраттың,
Қапастағы зарлы құстай сайраттың.
«Мін» деп аға тарттың маған көлденең,
Қайыспайтын қара нарын қайраттың.

Мінейін де желдей есіп зулайын,
Қауып шаңды қалсын сонда сұм уайым.
Сенің аға шалқар шабыт осынау,
Көкірегіңде бір толқын боп тулайын.

Жүрек жанып жатады бір күйіктен,
Өмір деген жаттым қызды сүйіп мен...
Арман таңның шұғыласына шомылып,
Сіз іздеген табылайын биіктен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу