Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  195


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Аман ұстаз

Аяулы ұстаз жан аға,
Нәр құйған білім санаға.
Сіз көсеткен қиядан,
Қыраның тегі танама?!

Шырқадым шыңға, заңғарға,
Етекте қалды сан қарға.
Ұланы үшін, жан аға,
Ұстаздан артық жан барма!?

Қияға дайым өрледім,
Демеймін ұстаз төрледім.
Даңқыңа, аға, ешқашан,
Дақ түсіріп көрмедім.

Қыраның болып әрдайым,
Шырқайтын едім биікте.
Қанатымнан қайрылып,
Қалдым ғой қапы күйікте.

Баяғы күндер бал күндер,
Есіме түсіп жыладым.
Сұм тірліктің сүғы өтіп,
Мезгілсіз міне қүладым.

Қатігез өмір қайтейін,
Қатарымнан қаққаны-ай.
Үмітіңді жан ұстаз,
Жатырмын ғой ақтамай.

Тау мен тасқа басымды,
Неше ұрдым ұстаз неше ұрдым.
Сеніміңді сел етсем,
Кешіргін ұстаз, кешіргін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу