Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  74


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Қос Тұрлыбек

Амансыңдар ма, аяулы, қос Тұрлыбек?
Естіп жаттым отау боп қос құрды деп.
Жақын жүріп, жарамай жүрсіңдер ғой,
Амандасқан алыстан дос құрлы кеп.

Қос бұтақтай жарасқан қос Тұрлыбек,
Естіп жаттым, Жұлдызды босқа ұрды деп.
Содан түсіп аяққа шынжыр-кісен,
Достарына жоламай осқырды деп.

Қол ұстасып жүруші ек қос Тұрлыбек,
Естіп жаттым үй бағып пост тұрды деп.
Қадіріме жететін жер бетінде,
Деп жүріппін сендерді қос құрбы деп?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу