Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  135


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚЫЗ

«Қыз» дегенің қызығып қыз – дегені,
Қыздырар қызуымен мұз денені.
Құмартып қызығына қымбат санап,
Жігіттің қыз ғой жалғыз іздегені.

Жүрегін жұлып берер қызға жігіт,
Жатқандай жарсыз кезде сызға жігіт.
Қызыңның қызуына жігіт түгіл,
Кетеді аспандағы мұз да жібіп.

Қызығар кім Алмаға қызармаса?!
Қос бұрым қыпша белде бұлаңдаса.
Тас жүрек болсадағы танар естен,
Қылмыңдап қылығымен қыз арбаса!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу