Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  155


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

КӘРІ ҚЫЗДЫҢ АРМАНЫ

Арманымыз бар ғой бар бәріміздің,
Әттең тайып кетеді-ау әрі жүздің.
Білмек болып арманын сұрап қалдым,
Сабақтасым сақталған кәрі қыздың.

Құр дәмеге салынған оңбас кісі,
Басыңа оңай бақыттың қонбас құсы.
-Жалғыз ғана арманым, деді жылап,
Күйеу тапсам өзімнен он жас кіші.

Орынды екен ол ойың о, қыз бала,
Жүрегіңді жандырған от, із бар ә?
Махаббаттың көзі шын соқыр болса,
Ғашық болар жиырма, отызға да!

Күнім-ау кешегі әлі боқмұрының,
Бұлғақтап ойнатып жүр тоқ бұрымын.
Өзінен он жас үлкен маған бүгін,
Жасындай үйіреді от құрығын.

Қарағым қалай сені байқамағам,
Қыз деген рас па өзі «сайтан адам»?
Қырандай қызыл көрген ілер ме едім,
Таңдаудың жолы түссе қайта маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу