Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  206


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

САҚАЛМЕНЕН ОЙНАМА

Өмір заңы өзгермес қатал ғой ұқ,
Көрген емес мазмұнын мақал жойып.
Жиырма жасқа шырағым жетпей жатып,
Алғаның не сапситып сақал қойып?!

Жан ұяңда жарқыным бас ие кім?
Білмейсің-ау сақалдың қасиетін.
Ханға басын имеген қайран қазақ,
Салам беріп сақалға бас иетін.

Кенде емессің кенже ұл басқасынан,
Түгел бәрі ыдыссың қас тасынан.
Атаңменен ойнасаң ойна, өзің біл,
Сақалменен ойнама жас басыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу