Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  128


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ӨЗГЕРІС

-Ау, інішек, таныдың ба қалай біз?
Әйел үшін туған шырақ-араймыз.
Жеңешеңді алмай тұрған кезімде,
Ерім бол деп аңыраған талай қыз.

Деп осылай бір ағайым мақтанды,
Мақтанғаны екі рюмка қаққан-ды.
Үш рюмка ішкен кезде үйіне,
Айғайменен салды «саптап» аттанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу