Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  97


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚОРҚЫП ЖҮРМІН

Қала барсаң қаптаған қайыршы көп,
Ақ-қарасын сөзімнің айыршы дөп.
Нық сезіммен мақтанып айта аламын,
Дала барсаң қазақта қайыршы жоқ.

Қарық болмас қазағым айырым күліп,
Көңіл деген көрген жоқ айдын құрып.
Қайыршы жан көрсе егер қайырылып,
Жасар қалы жеткенше қайырымдылық.

Қайыршыға, көрген көп сілікпелер,
Жалғыз тонын жан ашып сылып берер.
Есігінде еңкейіп тұрса біреу,
Аузындағы асын да жырып берер.

Кең жаралған кең етек қазағым-ай,
Туа бастан жаратқан таза Құдай.
О заманда, бұ заман пейіліңді,
Тарылтып ед тағдырдың мазағы қай?!

Азапқа да түстің көп мазаққа да,
Халық едің өзің де аз-ақ қана.
Қорқып жүрмін, қоймаса қу арақты,
Бітер-ау деп қайыршы қазаққа да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу