Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  128


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ПЕНДЕШІЛІК

Неше түрлі мінез бар нешемізде,
Басымыздан сөз асса кешеміз бе?!
Бұл күнде ме?
Бұл күнде бетімізден,
Қайтара алмас әкеміз, шешеміз де.

Алғаннан соң дөкей боп дөңге шығып,
Өспесін деп ойлаймыз өнген шыбық.
Бас тұрған соң бақырдай мойнымызда,
Бәрімізде бар ғой бар пендешілік.

Қымбат өмір қор болған қайран құны,
Қайда сана маймылдан байығандығы?
Төрт аяқты хайуаннан асып түсер,
Екі аяқты адамның хайуандығы.

Жатқанымыз шамалы дөң көшіріп,
Күн қызығын жатырмыз тең кешіріп.
Ілмиген бір аш иттей иектемей,
Жоғал-жоғал, кет ары пендешілік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу