Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  148


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ЖІГІТ МҰҢЫ

Көңілде күпті күдік көп,
Құр қиял тәтті үміт көп.
Жасық жігер ерлігі аз,
Бізді де дейді-ау жігіт деп.

Қайысып тұрмын қамыға,
Құлақ сап құлқын зарына.
Дақ түсіріп аламыз,
Адамдықтың арына.

Салғырт басып салпақтап,
Келеміз жасып жалтақтап.
Кейіміз жүрміз көшеде,
Тал түсте ішіп талтақтап.

Асқынып жанның жарасы,
Табылмай тажал шарасы.
Күн кешкеніміз болмағай,
Екінті, Зауал арасы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу