Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  152


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚАРАТАУДЫҢ ҚАЙҒЫСЫ

Қара тауым, қасиетті қарт бабам,
Деп тұрсың ба жүгің болса арт маған?
Айтшы, тауым, сенің алъш тұлғаңа,
Қазағымның қайсы жері тартпаған?

Қара тауым, қаны тамған батырдың,
Қабағыңда қалың қайғы жатыр мұң.
Талай күнді саған қарап батырдым,
Жан жараңды түсіне алмай жатырмын.

Қара тауым, қара атаным, қара нар,
Хәл-қадірің халқыменен бара-бар.
Жылап тұрған сияқтысың сабазым,
Айтшы алыбым жанда қандай жара бар?

Байғұс балам шырылдайсың бекерге,
Қабағымнан қайғы бүлтым кетер ме?
Өзің айтқан қара нардай бүк түсіп,
Үнсіз- түнсіз жатқаныма жетер ме?!

Рахмет, сұрағаның халымды,
Кімге айтамын аянышты зарымды?
Қара тұман қаптап алып басымды,
Тәнім жара, жаным нала, жарым-ды.

Айта-тұгын жан емес ем жанға сыр,
Тілсіз болып жасап келем сан ғасыр.
Менің дархан қүт дарыған қойнымда,
Салған кеше адам да асыр, аң да асыр.

Өз заңына өмір кетті өзгеріп,
Сорлы адамдар сорлап жатыр сөзге еріп.
Менің тақыр тасқа. айналған тұрқымды,
Түрған шығар соқыр емес көз көріп?

Тұрғандығым аспан тіреп асқар, паң,
О, бастан-ақ орман еді бас қалқам.
Адам деген ақымақтар аямай,
Қырқып жатыр, құртып жатыр тас-талқан...

Салынды отқа самырсындар самсыған,
Үрпағыңа болды бүгін таңсық аң.
Түла бойдан байлығымды тонатып,
Қу тақьірмын құлазыған қаңсыған.

Қайғы қарып жатыр жанға батып-ақ,
Кепіірмеймін келеңсізді ақымақ.
Қарғысымды жаудырамын жәудіреп,
Қара нардай шөге түсіп жатып-ап.

Қара балам, карт бабаңды айыпта..
Санаң болса сөз салмағын байыпта.
Тау бабасын, жер анасын жылатып,
Бара. жатыр адам зауал ғайыпқа!..

— Қара тауым, қасиетті қарт бабам,
Тартыпсың-ау тақсіретті тартпаған.
Әкеміздің әлегіне біз бармыз,
Қарызыңды көтерейік арт бабам!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу