Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  112


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

АТТАНАРДА

Шыққалы тұрмын сапарға,
Азаптың дәмін татқалы.
Үрімжі үлкен шаһарға,
Пышаққа барып жатқалы.

Жібердім жылап ұялмай,
Сары уайым сабап санамды.
Қиналып тұрмын қия алмай,
Самалы саумал даламды.

Езіліп барам ел деп мен,
Асылым артта қалғандай.
Журегімді кеудемнен,
Суырып біреу алғандай.

Бар ма екен елге қайрылу,
Сапардан осы пірім-ей!
Достарымнан айырылу,
Қиын екен тірідей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу