Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  135


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

КЕШІР, ҰСТАЗ

(Дүйсенбай Ыбырайымбайұлына)

Шаш етектен жұмысым сияқты көп,
«Нүке» деген сақтадым сый атты тек.
Осы сыйға жеткізген ұстазыма,
Келем сәлем бере алмай ұятты боп.

Маған кеше артып ед үмітті көп,
«Жақсы керем осы бір жігітті»-деп.
Қыран болып қияға қонып алып,
Ойлап жүр-ау, үн-түнсіз ұмытты деп.

Ойлап жүр-ау, кетті деп мені қайда,
Ұстаз ойы биікте, сенімі — айда.
Кешегі балғын бала барса алдына,
Мұртыменен мүмкін ол танымай ма?

Танымаса, мен ғой деп таныстырам,
Қалды ма екен құлақта таныс бір ән...
Бойым өсіп алған соң, ойым өсіп,
Үстазыммен қайтып сөз жарыстырам?

Кешір ұстаз, мына бір келеңсізді,
Айдыныңа бір сызық кемем сызды.
Арман қуып алыстап кеткен сайын,
Аңсауменен әр таңда келем сізді.

Еркін есіп келемін ескегімді,
Сіз үйреткен жараттым естегімді.
Он жастағы кешегі оқушының,
Биыл міне, тұңғышы беске кірді.

Қайран қалып отырмын өзім де бір,
Отыратын ойланбай кезім бе бұл?
Сіздің де, ұстаз, дәл кеше осы жаста,
От боп ойнап тұратын көзіңде нұр.

От боп ойнап тұратын көзіңде нұр,
Жоқ еді ғой, жоқ еді сөзіңде кір.
«Ботакөзді» бізге оқып берген кезде,
Бойлап терең кетуші ең сезімге бір...

Туған тағың, тұғырың текті мекен,
Асқарыңа арманың жетті ме екен.
Бар ұстаздай сенің де қара шашын,
Тым-ақ ерте ағарып кетті ме екен?

Ұша бердім биікке өрледім де,
Отырмадым төре боп төрде күнде,
Қуандың ба журналдан аяулы ұстаз,
Менің тұңғьпп жырымды көргеніңде?

Деуші едің ғой «Нүкешке сенім артам»,
Жан санаймын жайдарлы сені дархан.
Сеніміңді сел етпей сондағы артқан,
Ақын болсам ол-дағы сенің арқаң!

Жан санаймын жайдарлы сені дархан,
Еткен сенсің қиынға мені қалқан.
Акьндықты алдымен былай қойып,
Адам болсам әуелі сенің арқаң!

Балапандай баулыдың ұшарымнан,
Қыран болып самғадым құшағыңнан.
Жетсем деймін жаныңа желдей есіп,
Кеудем толы сағыныш құшағым ән!

Тағдыр деген жазмыштан аспас иық,
Ойда жоқта орнады басқа күйік.
Жатыр ұстаз жаншылып қыраныңның,
Жаңа қатқан қанаты тасқа тиіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу