Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  153


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҒАШЫҚТАР

(Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» романын оқысан соң)

Бір-біріне
Ғашық туған ғашықтар.
Жібек пенен Баяннан,
Асып туған ғашықтар.
Ары таза алтындай,
Жанында иман ғашықтар.
Жары менен жалғаннан,
Жанын қиған ғашықтар.
Ел бақытын ерлікпен,
Қорғай білген ғашықтар.
Тап сол үшін тайынбай,
Сорлай білген ғашықтар.

Махаббатты мәңгілік,
Сүйіп көрген ғашықтар.
Арманына жете алмай,
Күйікте өлген ғашықтар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу