Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  88


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫҚ

Тоңамын деп аяздан қашпа қарғам,
Ақ сарай сап ойнайық ақша қардан,
Қарашы әне, қарашы қалқатай-ау,
Әппақ болып тұнып тұр бақшада арман.

Тамаша еді табиғат қандай, көкем?!
Таза ауасын сімірсем қанбай кетем.
Арман болып жаралған ақ тәніңнен,
Ақ ұлпа қар, аруым, аумайды екен.

Ақ салысын салыпты бау бақтарда,
Айызыңды қандыршы аулақ бар да,
Қыран менен қызылдай жұмарласып,
Жүрші қарғам, қайтайық аунап қарға!

Қабақтарға қалғанмен қырау қатып,
Кызықтырып біздерді жүр-ау бақыт,
Қызығыңды қыстағы қыя алмайсың,
Тырна келсе бір күні тыраулатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу