Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  141


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

АЙЛЫ ТҮНГІ АРМАН


Аппақ түсің нұрға жуған арудай,
Тұнық көкте шалқасынан жатыр Ай.
Сұлу түннің сымбатына сұқтанып,
Тіл күрмеліп бара жатыр апыр ай!

Әлдеқайдан үн келеді құлаққа,
Бозбала ма,
Бойжоткен бе,
Бұлақ па?
Гашықтар ма қапияда айырылған,
О, Тәңірім, ғашықтарды жылатпа!

Жасыл желек, жұпар ауа, жел баяу,
Бір сімірсең жоқ болады шер қаяу!
Терезеңнен тылсым түнге телміріп,
Жатырмысың жаным, сәулем сен де ояу?

Кезер ме едің, мына түнде көл бойын?
Сезер ме едің, су болғанын өн бойың!
Таң алдында үйге қарай дел-сал боп,
Безер ме едің, сергектеніп енді ойың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу