Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  150


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ЕҢБЕКТІ СҮЙЕМ

Бір күнім қызық бір күннен,
Мәз боламын баладай.
Заманым бақыт ұясы,
Мәпелеген анадай.

Жасымда анам тербетсе,
Есейсем елім тербетті.
Ел үшін туған ер болсаң,
Сүйе біл деді еңбекті.

Күнге күйген диxанның,
Қара торы ұлымын.
Еңсемді еңбек көтерген,
Елдің елпек құлымын.

Мүмкін киген шапаным,
Топырақ шығар, кір шығар.
Бірақ, анам туған жер,
Төсіңе тіктім бір шынар.

Мәуелесе шынарым,
Сол үшін жаным тап-таза!
Саясында салқындап,
Ұрпағым ертең мақтаса.

Отаным тұңғыш ұлындай,
Неден мені кенде етті?!
Іздемен жайлы жақсы орын,
Еңбекті сүйем еңбекті!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу