Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  141


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Өшкен үміт Ақнармен

Өмірге ұлым келгенде,
Ат қойған ем Ақнар деп.
Бір үміт жанған кеудемде,
Арманымды жалғар деп.

Тырбаңдап Ақнар жатты әппақ,
Алаулап үміт маздады.
Жүрегі құрғыр атқақтап,
Жарылып кете жаздады.

Нұр жауып тұрды жолыма,
Қарағам қанбай балама.
Жүрегімді ұстап қолыма,
Жүгіргім келген далама!..

Нұр тұнып мөлдір көзіне,
Қылығы шығып күлгенде.
Ұлымды қимай өзіме,
Әкетті Алла бірдемде...

Жаратқан саған жаздым не ?!
Жауапсыз қалдым сұрақта.
Опасыз өмір аз күнге,
Жүріпсің алдап бірақ та.

Өшті де үміт тілегім,
Жарыммен қалдым шерленіп,
Ақнармен брге жүрегім,
Кеткендей болды жерленіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу