Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  96


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Елес

Сары күздей сағынышқа салынып,
Сан ойларға жатам мұңмен малынып,
Көргемін жоқ өмір сенен жалығып,
Көргемін жоқ надандыққа табынып.

Бара жатсам жарым түнде қал(ы)ғып,
Үн естілді «балам» деген талығып.
«Анам ба?»-деп, атып тұрсам қарығып,
Бәрі бекер, көзімді ашсам бәрі елес,
Мен алдандым, мені алдаған бал үміт.
*****
Дос құрбылар келеді халым сұрап,
«Қандайсың?» деп қояды қалың сұрақ.
Сыр білдірмей отырам сырқатымнан,
Қайсарлыққа жаралған жаным сірі-ақ!

Жақсы әзілге жақсы әзіл қайтарамын,
Әніңді де тәп – тәуір айта аламын.
Жанымда ылғи болсаңдар жан достарым,
Жаным гүлдеп жайқалып жәй табамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу