Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  144


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Ағама

Не десең мейлі, не десең,
Қуаныш табам жебесең.
Тілерім, аға, тек қана.
«Байғұс, сал бала» деме сен!

Байғұс бала деме сен,
Дейтіндей ағам емес ең.
Ашуға мініп ашты бір,
Не десең мейлі, не десең!..

Даттағын, тағы табала,
Жаманға және бағала.
Бәріне төзем басқаның,
«Байғұс, сал бала» деме сен!

Байғұс бала деме сен,
Дейтіндей ағам емес ең.
Ашыға мініп ашты бір,
Не десең мейлі не десең.

Даттағын, тағы табала,
Жаманға және бағала.
Бәріне төзем басқаның,
«Байғұс сал» деме, жан аға!

«Байғұс сал» деме, жан аға!
Байғұстық деген жаман ә?!
Жарымжан жатқан жаныма,
Жасытар жамау жамама.

Соға бер қандай сөз мейлің,
Өз мейлің аға, өз мейлің.
«Байғұс сал» десең тағы да,
Төзбеймін, аға, төзбеймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу