Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  140


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Әйел барда

Күйкі тірлік жаралған күйбеңіне,
Тұтқа болып тұратын үйдегіңе.
Бақыттысың өмірде ер адамдар,
Әйел атты сұлуды сүйгеніңе.

Әйел барда ерлерге атақ ат бар,
Күн сәулесін шашатын шапағат бар.
Өмір бойы өтетін құштар қылып,
Әйел барда табынтар махаббат бар.

Кезің болса кейін жан, сырқаттанар,
Көңіл емін құс болып шырқап табар.
Адамзаттың тұқымын жоғалтпайтын,
Әйел барда артыңа ұрпақ қалар.

Дәрмен де олар ерлерге дәрі де олар,
Ерден бұрын еңкейіп кәрі болар.
Әйел барда ән де бар, сәнің де бар,
Әйел барда әлемде бәрі де бар!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу