Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  338


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЖАЯУ ЖҮРМІН

Жаяу жүрмін,
өмір-бақи жаяумын,
Кейде – жүйрік, кейде – жөнсіз баяумын.
Сәби күннен шыққан екен сіңірім,
Қажеті жоқ енді мені аяудың.
Жаяу жүрмін жолым мұз боп қатқанда,
Жаяу жүрмін гүл төгіліп жатқанда,
Ми қайнатқан шілдеде де жаяумын,
Жаяу жүрмін ала боран ақпанда...



Жанғали Набиуллин,
«Жаяу Жәкең»,
«Жұлдыз», №9, 2011ж.



Жаяулығым түсірмейді еңсені еш,
Көлік мінген күле берсін кеңкелес.
Қажет болса жаяу жетем Меккеге,
Керек емес желден озған «Мерседес».
Қажетсінбей тұлпарларын қиссаның,
Қанатсыз-ақ биіктерге ұшты әнім.
Жанықпай-ақ жаяу барам қайда да,
Керек емес желден жүйрік «Ниссаның».
Өлеңіммен өлі ұйқыдан оятам,
Шабыттансам от ойнатып, жай атам.
Бұл тірлікте жаяулап-ақ келемін,
Керек емес кербестідей «Тойотаң».
Жаяу жүрмін.
Алла жолды оңдасын,
Соқпақ, сүрлеу бала күннен жолдасым.
Жаяу жүрсе жаяу жүрсін Жанғали,
Тек өлеңім қаражаяу болмасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу