Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  125


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

БОП АЛДЫМ

«Көкжиекті көрмегелі,
Күзгі бақтай тоналдым.
Мейірімге шөлдегелі,
Сырақұмар боп алдым.
...Туған жердің нұры сіңген,
Өкпем өшіп,қабынды.
Қалаға кеп тынысым мен
Пейіл неге тарылды?..»



Ілияс Мұқаев,
«Бола қоймас жерің жат,
көшең бөтен»
«Қазақ әдебиеті»,
№15,15.04.2011.



Мейрамхана көрмегелі,
Мазам кетіп тоналдым.
Аптап келіп шөлдегелі,
Араққұмар боп алдым.
Тұтқынымын бос елестің,
«Өкпем өшіп қабынды».
Шақырмайды кафеге ешкім,
«Пейіл неге тарылды?»
Бір шиша алып бермегелі,
Достан кетіп тоналдым.
Шапағатқа шөлдегелі,
Шарапқұмар боп алдым.
Көбігі асқан күрішкеммен
Топқа сіңіп жоғалдым.
Сыздықтатып сыра ішкеннен
Өлеңқұмар боп алдым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу