Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  158


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

СҮЙЕ БЕРДІМ...

...Сүйе бердім тамағыңнан,
Аймаладым анарыңнан...
...Күліп сүйдім,жылап сүйдім,
Етпетімнен құлап сүйдім.
Жүрегіме қаны қатқан
Жанжарамды сылап сүйдім.
Отқа оранып жалын денем,
Жайып салып барымды өлең.
Ерініме тиген жердің
Сүйе бердім бәрін де мен.



Әбділда Аймақ,
«Сәуірдің самалы»,
«Жұлдыз», №1,2011ж.



Бас-көз демей иелендім,
Сүйе бердім,сүйе бердім.
Күйе тиген жерің болса
Соны сүйіп күйелендім.
Қолаң шашты тарап сүйдім,
Құшағыма орап сүйдім.
Сылап сүйдім, құлап сүйдім,
Иіскеп сүйдім, жалап сүйдім.
Аямадым сезімді де,
Сезімге ерер ерінді де...
Сүйдім тіпті көзді жұмып,
Күн тимейтін жеріңді де.
Етпетімнен жатып сүйдім,
Сар балшыққа батып сүйдім.
Тіл ұшына тиген дәмнің
Барлығын да татып сүйдім.
«Отқа оранып жалын денем»,
Жұртқа жайды барымды өлең.
Қолым, ернім тиген жердің
Жырға қостым бәрін де мен.
Қалам алып қиялдадым,
Өзімді өзім жиі алдадым.
Сені сөйтіп, сүйгендейін
Өлең-жырды сүйе алмадым.
Ақ қағаздай бозарды өңім,
Өзіме өзім: «тазар!» – дедім.
Поэзияны сөйтіп сүйсем
Өстіп өлең жазар ма едім?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу