👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  77


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

КЕШІР, ҚЫЗ...

«Сүттен ақ, судан таза адалым-ай...»
Мұқағали



Жоқ-барымды тұрушы еді түгендеп,
Қазынамды жүруші еді үнемдеп.
Асаулығым шектен шыға бастаса —
Жуасытып алушы еді жүгендеп.
Жүруші едік екеуміз де мәз қабақ,
Қу тірлікке рас екен жаз қонақ.
Маңдайымнан сипаушы еді аялап,
Гүлдей нәзік саусағымен қаз қанат.
Мен қуансам қуанатын шаттана,
Мен мұңайсам мұңаятын жасқана.
Гүлдей күліп қарайтынбыз екеуміз,
Сәбиге де, кәріге де, жасқа да.
Бақытты сәт болады екен қас-қағым,
Бірте-бірте солады екен жас шағың.
...Қасымда жоқ қарапайым қамқоршым,
Қасымда жоқ ақ маралдай асқағым.
Айналамда сар жапырақ, жетім күз,
Қурай басқан, ырғай басқан секілді із.
Мәңгі жақсы болатындай барлығы,
Мен бағаңды түсінбеппін, кешір, қыз...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы