Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  95


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

МЕН БІРЕУДІ КҮТЕМІН

Мен біреуді күтемін,
... бүгіп ішке сырымды.
Көктен жерге түсемін
Мамық етіп түнімді.
Мен күтемін сол жанды,
Арманымдай ізгі анық.
Жаһан білмес олжамды
Жан біткеннен қызғанып.
«Мен, мен едім...» – деп оған,
Ақтарылам аспандай.
Жалғыз пірім – сол адам,
Ай дидарлы ақ маңдай.
Жатқа бұрмай жар сөзін,
Сол адамды күтемін.
Сарқылса егер сал сезім,
Мен де сол сәт... бітемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу