Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  99


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ӨЗІҢ ЖОҚСЫҢ

Сұмдық қой, сені ұмыттым деп
сенгенім,
Бәрі өткінші, – дегенді ескергенім.
Алматыға алқынып тағы оралды,
Бәз-баяғы балауса кештер керім.
Ақ тұманға оранған сырым еді...
Сағыныштың сызы енді білінеді.
Бүркіп жауған жауыннан
(өзің жоқсың),
Бүлкүл сезім бүк түсіп, түңіледі.
Сол Алматы. Сорлатар бағы кемді,
Қашық емес жадырар жазы да енді.
Біз екеуміз «билеген» бір бұрышты,
Сені сүйген мұңлы көз тағы көрді.
Сол Алматы. Айтатын сөзім көп-сын,
Көзден аунап сиқырлы сезім көшкін.
Өзімсініп, Өмірім болған қала –
Сол Алматы.
Сәл салқын.
Өзің жоқсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу