01.12.2021
  241


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңмен сіңілім!

Жаңа жылдың ақ таңы нұрын шашсын,
Жан сіңілім өзіңе құшақ ашып.
Ашық болып аспаның, шаттана бер,
Қиындықтар аулаққа сенен қашып.

Көктемдейін құлпыра түс, жайнай түс,
Жаңа жылдың сезініп жаңа күнін.
Жаздай жаның жадырасын сіңілім,
Жан дүниеңді тербелеп ән мен жырың.

Әрбір күннен бақ таба түс шаттана,
Әрбір таңың атып сіңілім арайлап.
Тамырыңды теріңінен жая түс,
Бүршік жарып көз алдыңда арай бақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу