01.12.2021
  279


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылың құтты болсын сіңілім!

Жаңа жылың құтты болсын сіңілім,
Жаңа күнге, жаңа жасқа бастайтын.
Денсаулығың мықты болсын сіңілім,
Ден сау болса қуанышың қашпайтын.

Бақ-береке орнай берсін бұл жылы,
Жаңа жылдың тербеп сені ән, жыры.
Ашық болып аспаның шаттана түс,
Шуағына бөлеп сені таң нұры.

Жаңа жылда жете берші табысқа,
Арманың мен мақсаттарың үндесіп.
Жаңа жылда сыйласып біз жүрейік,
Қуанышпен араласып, тілдесіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу