01.12.2021
  532


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылың құтты болсын бауырым!

Есік ашып келді міне жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа жылың бауырым.
Жаңа жылда қуанышқа жетейік,
Аман болып туған-туыс ауылым.

Жаздай жайнап қуана түс жадырап,
Әр жаңа жыл бақытқа сені жетелеп.
Ашық болып аспаның шаттана түс,
Ән менен жыр жан дүниеңді тербелеп.

Денсаулығың мықты болсын бауырым,
Жаңа жылдың әр таңы арайлы атып.
Әрбір күнің шуағына бөлей берсін,
Ай жұлдызың күлімдеумен тіл қатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу