01.12.2021
  230


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңмен қарындасым!

Жаңа жылдың ақ таңы атты міне,
Құтты болсын ай дидарлы қарындасым.
Жаңа жылың шаттығына бөлеп сені,
Армандарың орындалып, бағың жансын.

Жанарларың күлімдеп жана берсін,
Бақыт, шаттық сені іздеп таба берсін.
Жаңа жылың жұлдыздай әр күніңді,
Жарық етіп қарындасым жаға берсін.

Денің сау боп биіктерге жете бергін,
Бұл жаңа жыл сәттілік сыйлап саған.
Қарындасым, қарлығашым баға жетпес,
Мен жүрейін бар жақсыны арнап саған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу