01.12.2021
  327


Автор: Жібек Ысқақова

Әкеме жаңа жылға тілек

Өмірдің түрлі соқпағына қарамадың,
Өрге сүйреп біздерді аяладың.
Тоңдырмадың тағдырдың суығына,
Мәпелеп сен біздерге қарайладың.

Жаңа жылдың бөленіңіз шуағына,
Көктемдегі мөп-мөлдір бұлағына.
Жаңа күнің сыйлап сізге бар жақсысын,
Күнің нұрын себелесін тұрағыңа.

Амандықта ортамызда жүрші әке,
Жаңа жылдан сіз жетіп жаңа жылға.
Көңіліңізді тербесін шаттық әуен,
Саулық, бақыт сыйлап сізге әрбір жылда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу