01.12.2021
  1261


Қызға сөз салу

Сезімді жеткізуде не қиындық бар? Басыңды кесіп алмайды ғой. Бірақ сезіміңді жеткізбес бұрын, бірнеше рет оңаша кездесіп, бір жерлерде қыдыру керек.
 Егер бірден тіл табысып, біріңді бірің түсініп, приколдарың бір жерден шықса, сенің құшақтағаныңнан үркіп қашпаса, сен де оған ұнайсың деген сөз.
 Одан ерте сезім білдіру ақымақтық. Алдымен қызбен оңашада отырып, жөн сұрасып, білісіп, танып алу керек. Қыздың лебізі сол кезде ақ білінеді.
 БІрақ өзіңді өзің алдаудан аулақ бол. Кейде махаббаттан шатыры кеткен жігітке, қыздың әрбір сөзі тұспалданған ғашықтықтың белгісіндей көрінеді. Сол үшін елес пен ақиқатты ажырата біл. Қолын ұстағанда, тартып алмаса, сені жақтырады. Ал жақтыру мен жақсы көрудің арасы жақын.
 Кейде қолын тартып алса да, сәл жымиып, көзін төмен қаратады. Бұл, мен әлі дайын емеспін, мені тағы немен қызықтырасың? - тағы қандай жақсы қасиетің бар? -деген сөзі.
 Оған осындайда кейбір жігіттер жағымпаздық жасап, одан сайын жексұрын болады. Ал сен сабырлы бол. Жағымпаздықтың қажеті жоқ. Өзіңді бір деңгейде ұста. Дөрекілік емес, асыра көтжалаушылық та емес.
 Турашыл бол, ақты ақ, қараны қара де. Тіпті пікірің сүйіктіңдікімен келіспесе де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу