Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  113


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

СЕН КЕТЕДІ ДЕГЕНДЕ

Арқау етіп өлеңге,
Сезіміңмен үйлестім.
Сен кетеді дегенде
Сең соққандай күй кештім.
Көңіл нілдей бұзылды,
Күрсіндім де мұңайдым.
Күміс нұрдай жүзіңді
Көрмей қалай шыдаймын.
Көзден кетсе көңілден
Кетер деген рас па екен?
Болар ма екен төгілген
Жанарыңнан жас бөтен?..
Өксік жұтқан үніміз,
Жүрекке тұр құйылып.
Бірімізді біріміз
Қимай тұрмыз қиылып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу