Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  92


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

КҮНДЕР ҚАЙТЫП ОРАЛМАЙДЫ

Маған өлең арналды деп қуандың,
Құшағында қалқығандай бір әннің.
Қайғым кетіп қанатында бір құстың
Бір құс келіп желпігендей жұбандым.
Жақсы көрсін, мейлі біреу жек көрсін,
Қызғанса егер құлқынына шоқ толсын.
Өзімсініп өзіңе арнап жазған жыр
Сенің әппақ сеніміңе сеп болсын.
Көз ұшында көлбеңдесе сағым ән,
Қайта оралмас күндерімді сағынам.
Аттанамыз екеуміз де күні ертең
Алматының ақ нұр қонған бағынан.
Келеміз бе, келмейміз бе – күмәнді,
Енді қайтып шырқамаймыз бұл әнді.
Осы сәтті ұмыта алмас сезімің
Жанарыңда жаспен бірге шыланды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу