Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  157


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

СЕНІҢ ТУҒАН КҮНІҢЕ

Қатал күннен қайтпасын десің дәйім,
Нұрландырсын әрдайым кешіңді айың.
Төрт жылда бір айналып соғатұғын
Сенің туған күніңе не сыйлайын?
Гүл сыйласам солады үгітіліп,
Зат сыйласам қалады ұмытылып.
Тарту етсем бір көйлек таңғажайып,
Ол да ертең тозады қыры сынып.
Бір білезік сыйлар ем ұста емеспін,
Бір мәшине сыйлар ем күшті емеспін.
Бір үй алып берер ем – бай емеспін,
Жолдама да жоқ менде – мықты емеспін.
Лебімен күнді де, гүлді де өпкен,
Сезімім бар қарасаң бір дір еткен.
Сол сезіммен тұп-тұнық тұма күйде,
Жырларымды сыйлайын шын жүректен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу