Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  91


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚҰЛАЗЫДЫМ

Аларымды ала алмай алты күннен,
Жетіншіден жеримін,
артығым – кем...
Мәңгіп жүрмін, маңдайдан
сипасаңшы
Сабырымды сарқымай салқын үнмен.
Көңілің – нала болғанмен, емің – дара,
(Мен ғарышқа кетермін лебіңді ала...)
Күллі дүние бос қуыс осы күнде,
Сезіміңе сенемін сенің ғана.
Құлазыдым. Қалмады маңайда сән,
Жадыраңқы туады жаңа ай қашан?
Қандай күйге түсесің?
білер ме еді
Бейуақта бірауық мені ойласаң...
Қысқа ұласып аяғы есер күздің,
Кемімеді, көбейді кесел біздің.
Уыз күндер жұтылды уақытқа
Құпиямыз секілді екеуміздің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу