Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  127


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚАРСЫ АЛ, ЖАНЫМ...

Себезгілеп сыр тартып көктен нұрлы.
Гүл күлгенде күн күлді,
көктем күлді.
Біз екеуміз, қарашы, кездесетін
Қандай ұқсас көктемге өткен жылғы!
Ұқсас қандай қылығы,
Пәк самалы...
Ақ махаббат бақытқа мастанады.
Аққу-мінез армансыз жұпты меңзеп,
Аспанның да ашылған қас-қабағы.
Үміт оты сөнбейді,
маздай қалып...
Қиялымда қыс барып, жаздай
барып...
Қарсы ал, жаным, кетті ұшып өзің
жаққа
Сағынышым сары ала қазға айналып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу