Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  103


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚОСШЫҒА ҚОШТАСАРДА БЕРІЛГЕН ҚОЛТАҢБА

Арасын үй мен жұмыс күнде жол қып,
Кемді күн кең тірлікте бірге болдық.
Бастығың басқа жаққа кетеді ертең,
Жасалмай жатыр бүгін кімге зорлық?!
Қасымда сан сапарда болып серік,
Зырладық тағдыр дейтін көлікке еріп.
Жұлдыздай қасқа жолда ақтық қанша
Жылдамдық жел көңілге желік беріп.
Сені де таңдандырар тантық қылық,
Келсе де жібімейсің жантық күліп.
...Жүргенің ілкі сәтте бір жымиып,
Сырымды жеңешеңнен артық біліп.
Тозады таудай талап, тозады арман,
Күтпесін деп тілейік тозақ алдан.
Кімнің кім екендігін тамыршыдай,
Басшы емес қосшы білген о заманнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу