👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  49


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АЛАКӨЛДІҢ АЛҒА ЖҮЗГЕН АРМАНЫ

Ахмет Кендірбекұлына



Алакөлдің алға жүзген арманы,
Қара өлеңнің ту ұстаған сардары.
Ұнатқаны, жырлатқаны – ардағы,
Кітабының бір қапталы – жан жары.
Есте сақтап кедей күнін, бай күнін,
Өзгертпеді қуаныш та, қайғы-мұң.
Болашаққа үміт жалғап келеді
Жырға қосып Алакөлін – айбынын.
Қара өлеңнің қамын ойлап мұңайды,
Елтең-селтең жазғыштарды сынайды.
«Алакөлің қалай?» десем, ол менен
Қарқараның хал-жағдайын сұрайды.
Тоғышар қып бұза алмады әкімдік,
Маңдайдағы бағың шығар ақындық.
Сен де жалғыз, мен де жалғыз, содан ба
Арамызды жалғайды бір жақындық.
Аман болсын Алакөлің – арманың,
Аман болсын ұрпақтарың, жан жарың.
Алтын балық ілмесе де қармағың,
Алтын өлең баса берсін бармағың!
Сеніміңе айналған соң серігің,
Кәміл еді осы әлетке келуің.
Жақсы жеттің жер ортасы шағыңа,
Құтты болсын ердің жасы елуің!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы