Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  133


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

НҰРЫМНЫҢ ТОЙЫНДА

Ілиясқа



Жатыр бүгін гүлденіп қырың, далаң,
Басы екеу боп көбейіп Нұрым балаң.
Қуанған мен қорыққан бірдей ме екен,
Мәлім еді титтейден сырың маған.
Шырқау көкте шырқалар шынар әнің,
Дәп бүгінгі тойыңды құп аламын.
Келінді болған, досым, қандай екен,
Қолы ұзарып қалды ма Клараның?
Созған әнің тірлікте, өрген жырың,
Өмірде де ізіңе ерген бе ұлың?
Нұрым сенің жолыңды қуды-ау, сірә,
Үйленіп ең кезінде елден бұрын.
Зереден соң, құрдасым, күйің келді,
Қуанышың қос-қостан түйінделді.
Кілең еркек саусылдап жүруші еңдер,
Бұрымдылар көбейді үйіңде енді.
Көңілің бар Кегендей кенерелі,
Азаматқа өзіңдей сенер елі.
Ертең тағы бір тойға жиналайық –
Болғаныңда «қартайып» немерелі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу