Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  162


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

КІШКЕНТАЙ МЕНІҢ КӨШІРМЕМ

Заманға



Мерейімді көкке өсірген,
Көңілімнен мұң өшірген,
Құдайдың берген ботасы –
Кішкентай менің көшірмем.
Күнім боп озып кешімнен,
Құлын боп озып көшімнен,
Құлдыраңдап шауып жүр
Кішкентай менің көшірмем.
Қымталғандайын бос іргем,
Пенде едім бұрын хошым кем,
Өзгертті мүлде өмірді
Кішкентай менің көшірмем.
Еркелігің көп есірген,
Жайым бар жомарт кешірген.
Қылығы қызық ертегі,
Кішкентай менің көшірмем.
Жайлаудай болдым көсілген,
Аймалап самал есілген.
Болмасаң өзің қайтер ем,
Кішкентай менің көшірмем?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу