Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  102


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҮКІЛІ ҮМІТ

Ұлан дүниеге келгенде


Бәйгі атындай бап тілейтін күтімі,
Үмітім бар – үлпілдеген үкілі.
Осы үмітті жетелейді ертеңге,
Туған үйдің түзу ұшқан түтіні.
Үкілі үміт үлпілдеген нұр жүзді,
Қолымызға қондырғандай жұлдызды.
Біз отырған шаңырақтың астына,
Уыс-уыс шаттық әкеп кіргізді.
Күлкісінен жүректерге жыр еніп,
Мәз қылады. Қылығынан гүл өніп.
Жымиғанда жап-жарық қып әлемді,
Күлімдейді қабағында Күн еріп.
Мұңайта алар енді мені мұнар қай?
Жайқалайық біз де биік шынардай.
Үкілі үміт жылытады жүректі,
Аяулы анам түйіп берген тұмардай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу