Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  286


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚАЛЫҚТАҢЫЗ ҚЫРАНДАЙ

Ырым ағаның туған күніне


Заман үнін зейінмен тыңдадыңыз,
Сара жолмен салдыңыз шыңға бір із.
Жаз күшіне енгенде туған күнмен
Құттықтайды қыздар мен ұлдарыңыз.
Бір тыныстап ел-жұртпен, халқыңызбен,
Үлгі беріп келесіз жарқын ізбен.
«Алатауды» биікке көтердіңіз,
Алатаудай өр, асқақ қалпыңызбен.
Дақ түсірмей бойдағы Ар,Намысқа,
Көрсетесіз жастарға арда нұсқа.
Бір шаңырақ секілді ұжымды да
Ұрындырмай келесіз дағдарысқа.
Пайғамбарлық жастағы сара шақта,
Жүрегіңіз тұнып тұр парасатқа.
Дастарқан тек жайылсын той үстінде,
Қуаныштар көбейсін «Болашақта».
Таба берсін жалғасын әр ісіңіз,
Кең жайлауға айналсын өрісіңіз.
Туымыздың бетінде қалықтаған,
Көк тәңірі – Қыранмен тең ұшыңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу