Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  417


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жыл, анаға тілек

Баға жетпес асылым, әлпештеген,
Асыл анам, ардақтым, қымбат бағаң.
Құтты болсын жаңа жылың жан Анашым,
Бақ тілеймін, амандық, саулық саған.

Ақ сүт беріп мәпелеп өсірдің сен,
Қателессем қашанда кешірдің сен.
Жаңа жылда кенелші мол табысқа,
Қуанамын Анашым шалқып жүрсең.

Барыс жылы жақсылығын сыйлай берсін,
Ақ жаулықты Анашым сіз аман боп.
Қуанышын, шаттығын жинай берсін,
Жаңа жылда қиындық, қайғыңыз жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу