👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  59


Автор: Ахмет Кендірбекұлы

Арғымақ

Тілімізді басқан кезде жар құлап,
Туды қоғам туған айдай балбырап.
«Қазақ тілі» – дөнен, құнан, тай емес,
Туғаннан-ақ тулап жүрген арғымақ!

Таразыға тартылғанда ар, мұрат,
Шыққан еді бір үмітке қарғып-ақ.
«Қазақ тілі» – он жастағы бала емес,
Ойшыл қоғам – он жастағы арғымақ.

Сол арғымақ тұяғынан от шашқан,
Ата сөзге, ана тілге тоқтасқан.
Қоржынына «Киіз кітап» салып ап,
Тілімізді тазартып жүр тот басқан.

Шаба бергін, шын тұлпарым, киелім,
Сенсің менің әркез арқа сүйерім.
Сол арғымақ тілін, ділін ардақтап,
Дүбірімен оятып жүр жиі елін!

* * *

«Асықпа» дейді ағалар маған,
Жас болып бәлкім қалғысы келіп.
Уақыт мені талай алдаған,
Үлесін көптеу алғысы келіп.

Қызулы күндер – сызылды күндер,
Күтіп те тұрмас от алдан.
Ал қара күзде үзілді гүлдер,
Бақытты қайта ете алман.

Жеткізбес жүрдек бұл өмір тегі,
Қорықсам дағы торықсам.
Бос болмасын тек жүрегім төрі,
Жақсы адамдармен жолықсам.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы