Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  120


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚАРАҒАЙ

Жырым-жырым жартастар сыртыңдағы,
Өрісің тар,
жайлауың, жұртың кәрі.
Дауыл соқса,
жай ұрса,
нөсер құйса
Қарағайым, қайыспай тұрсың ба әлі?
Байырқалай алмаған байқап елді,
Шарасыздық шырмаса – шайқал енді.
Қиналсаң да күрсініп тұрсың үнсіз,
Жасылыңмен жарылқап жарты әлемді.
Ғажабың да бойыңда, азабың да,
Ажарың ба бұ бейнең ажалың ба?
Дар алдында тұрғандай үнсіз, қазір
Көнбістігі өзіңдей қазағың да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу