Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  128


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЗАР

Теледидардан алаштың азаматы зар төкті



Асқындым, зәрлі кесел ем,
Қирады қиял кесенем.
Күтіп тұр екен қандай күн,
Сормаңдай менің пешенем.
Аспаным ауыр түнерді,
Үзем бе, қайтем күдерді.
Кирелеңдеген белімді
Қалпына салар – діл өлді!
Жауырынның жігі кетілді,
Асылмаққа арқан есілді.
Осының бәрін Тәңірге
Жеткізер Тілім кесілді.
Сатайын енді елімді,
Сатайын енді жерімді.
Тозаққа сосын берейін
қуыру үшін терімді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу