Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  104


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

«ЖЕТІСУ» КӨШКЕНДЕ

Наз



Кезіксе де кейбіреумен жекісу,
Болмақ емес арамызда кетісу.
Барған жерің бағыңды ашсын –
тілек сол,
Алматыдан ауа көшкен «Жетісу».
Жауап таппай көңілде көп сұраққа,
Қимай-қимай біз де кеттік жыраққа.
Кей жағдайда көңіліміз қалса да,
Қоштасу сөз жазған жоқпыз бірақ та.
Әкімдіктің әнтек сыны дел-сал ғып,
Талай-талай «сыбаға» алдық, «енші» алдық.
Жарғақ құлақ жастық таппай жүргенде,
Саған біраз жұмсалыпты денсаулық.
Сынға толы, өткір мінез бет үшін,
Жоғарымен болды талай шекісу.
Сексенімде үй берем деп қаладан,
Әкім құсап сен де алдадың, «Жетісу».
Бір үмітті бір үмітке жалғаған,
Қабырғаңда күндер өтті сандаған.
Өзіңе айтқан кезекті бір назым ғой,
Жалғыз сен бе мені осылай алдаған.
Қиналсақ та тауып әсем жарасым,
Сан жырладық Талдықорған қаласын.
Талдықорған Талдықорған десек те
Алматыны қалай қиып барасың?
Басылым көп беделі бар аздаған,
Басылым көп дәуірінен озбаған.
Қандай күштің құзыры екен өзіңді
Сексен төртте жылы орныңнан
қозғаған.
Кезіксе де кейбіреумен шекісу,
Арамызда болмақ емес кетісу.
Сенде қалды ең бір ғажап күндерім,
75
Жастық шағым Сенде қалды, «Жетісу».
Беделділер талай берді саған жол,
Мақтаныш қой баршаға да, маған да ол.
Келу үшін, бәлкім, кеткен шығарсың,
Көріскенше, «Жетісуым», аман бол!
76
* * *
Жүрегім қансырады,
Санам да сансырады.
Зілмауыр мұңлы ойларға
Ақылым жаншылады.
Күңіреніп отырғаным
Жоғалып жан шуағы.
Қалғандай сөніп бір сәт
Өмірдің шамшырағы.
Маңдайдан сұп-суық тер,
Зәһардай тамшылады.
Тезірек білінбей ме
Шығыстан таң шуағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу